«English Vibe» атты ағылшын тілі пәні апталығының салтанатты ашылуы
2026 жылғы 16 қараша күні №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «English Vibe» атты ағылшын тілі пәні апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау. «English Vibe» апталығы аясында алдағы күндері түрлі танымдық сайыстар, шығармашылық іс-шаралар мен қызықты кездесулер өткізіледі. English Vibe – ағылшын тілін үйренуге шабыт сыйлайтын апта!