25 қазан - Республика күніне орай мәнерлеп оқу іс-шарасы
🇰🇿 25 қазан - Республика күніне орай мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті Мектебімізде Республика күніне орай 5–6 сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Оқушылар Отанға, туған жерге және ел тәуелсіздігіне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған елге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 🇰🇿 Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!