25 қазан – Республика күні мерекесіне орай .... » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
» » 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ....
27
қазан
2026

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ....


25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «№45 ЖОББМ» КММ-де 6-сынып оқушылары арасында «Патриоттық әндер» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында отансүйіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық өнерді ұлықтау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Шара барысында 6-сынып оқушылары Атамекенге, туған жерге және елге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін жүрек жарды патриоттық әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір сынып өз өнерін ерекше дайындықпен, сахналық мәдениетімен және ұйымшылдығымен көрсете білді. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс ырғағын, сахналық киім үлгісін, әнді орындау шеберлігін әрі әсерлігін бағалап, үздік шыққан сыныптарды арнайы мадақтамалармен марапаттады. Өскелең ұрпақтың бойына патриотизм дәнін егетін мұндай маңызды іс-шаралар мектебімізде дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек!