9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Байсейітов
№45 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар колледждің білім беру бағыттарымен, мамандықтарымен және оқу мүмкіндіктерімен танысты. Болашақта сұранысқа ие мамандықтарды таңдау туралы мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.