Оқу әдістемелік жұмыс » Страница 2 » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
Интеллектуалды ойын: «Математикалық кальмар» ойыны
11
қараша
2026
Интеллектуалды ойын: «Математикалық кальмар» ойыны
Интеллектуалды ойын: «Математикалық кальмар» ойыны Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары Мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылығын, логикалық ойлауын, жылдамдығы мен тапқырлығын дамыту. Сәрсембекова З.С. Жайлаубаева Ж.О.
«Математиктер Хогвартсына саяхат» атты 5 сыныптар арасында квест ойыны
11
қараша
2026
«Математиктер Хогвартсына саяхат» атты 5 сыныптар арасында квест ойыны
«Математиктер Хогвартсына саяхат» атты 5 сыныптар арасында квест ойыныМақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, тапқырлық және топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Математикалық білімдерін қызықты тапсырмалар арқылы шыңдау. Сарқыт М.А. Монахова А.С.
МИФ бірлестігінің  «Ғылым мен технология академиясы» атты апталықтың ашылуы
10
қараша
2026
МИФ бірлестігінің «Ғылым мен технология академиясы» атты апталықтың
9 қараша күні  МИФ бірлестігінің  «Ғылым мен технология академиясы» атты апталықтың ашылуы болды.Апталықтың мақсаты: Оқушылардың математика, информатика және физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін таныту. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту және ғылым мен техниканың жетістіктерін күнделікті өмірде қолдануға баулу.
«Жүрек жылуы – жанға қуат , психологиялық қолдау – өмірге шуақ»  тақырыбында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығының ашылуы ұйымдастырылды
09
қараша
2026
«Жүрек жылуы – жанға қуат , психологиялық қолдау – өмірге шуақ»
2026 жылы  9 қараша күні «№ 45 жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ«Жүрек жылуы – жанға қуат , психологиялық қолдау – өмірге шуақ»  тақырыбында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығының ашылуы ұйымдастырылды. Мақсаты : Білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру, өзара сыйластық пен мейірімділік құндылықтарын дамыту, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.
9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжіне танымдық экскурсия
05
қараша
2026
9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Байсейітов
№45 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар колледждің білім беру бағыттарымен, мамандықтарымен және оқу мүмкіндіктерімен танысты. Болашақта сұранысқа ие мамандықтарды таңдау туралы мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру"тақырыбында мектепішілік семинар
30
қазан
2026
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты
29.10.2026 ж "Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізетін педагогтерге арналған мектепішілік семинар ұйымдастырылды. Мақсаты:педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануына және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету дағдыларын дамытуға ықпал ету.
ектепалды сыныптар арасында  ата -аналармен  тренингтер
28
қазан
2026
ектепалды сыныптар арасында ата -аналармен тренингтер
Мектепалды сыныптар арасында  ата -аналармен өткізген тренингтер. Мақсаты: Бала тәрбиесі мен баланың дамуына ата-анамен мектеп арсындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
“25 қазан- Республика күні!” Мектепалды сыныптарда “Менің Отаным-Қазақстан”  тақырыбында тәрбие сағаты өтті
27
қазан
2026
“25 қазан- Республика күні!” Мектепалды сыныптарда “Менің
“ 25 қазан- Республика күні!”  Мектепалды сыныптарда “Менің Отаным-Қазақстан”           тақырыбында тәрбие сағаты өтті Мақсаты :  Балаларды Отанды сүюге ,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы
19
қазан
2026
Мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы
16 қазан күні мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы болды. Жалпы саны 12 бала қатысып, 6 оқушы қалалық кезеңге өтті.
Мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы
19
қазан
2026
Мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы
16 қазан күні мектепшілік 10-11 сыныптар арасында Алтын түлек олимпиадасы болды. Жалпы саны 12 бала қатысып, 6 оқушы қалалық кезеңге өтті.