Оқу әдістемелік жұмыс » Страница 9 » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
Тілдер апталығы  аясында ағылшын тілінен “WORLD OF LANGUAGES” атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді
09
қыркүйек
2025
Тілдер апталығы аясында ағылшын тілінен “WORLD OF LANGUAGES” атты
09.09.2025. Тілдер апталығы  аясында ағылшын тілінен “WORLD OF LANGUAGES” атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.  Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту. Жауапты ұстаздар:Кокежанова Айжан Сергазыевна,Агиманова Галия Серикболовна.
“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Үш тіл – бір ойын» атты танымдық шара ұйымдастырылды
08
қыркүйек
2025
“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты
2025 жылдың 8 қыркүйек күні “Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Үш тіл – бір ойын» атты танымдық шара ұйымдастырылды. 📚 Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, білімдерін шыңдап қана қоймай, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара оқушылардың үш тілде еркін ойлауына, тілге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының ашылу салтанаты
05
қыркүйек
2025
“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты
2025 жылдың 5 қыркүйегі күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай мектебімізде “Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында үш тілдің маңызы мен құндылығы насихатталып, оқушылар мемлекеттік тілде, орыс тілінде және ағылшын тілінде өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерін көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты тілдерді құрметтеуге, оларды меңгеруге және көптілді тұлға ретінде қалыптасуға баулу. Ашылу салтанаты
МИФ бірлестігінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 әдістемелік бірлестік отырысы өтті
29
тамыз
2025
МИФ бірлестігінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім
29 тамыз күні МИФ бірлестігінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 әдістемелік бірлестік отырысы өтті.
Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 1-әдістемелік отырысы өтті
29
тамыз
2025
Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 1-әдістемелік отырысы өтті
29.08.25 күні Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 1-әдістемелік отырысы өтті. Әдістемелік отырысында  2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хаты таныстырылып,оқу үдерісінде ЖИ құралдарын қолдану,                                            ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері түсіндіріліп, 2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан және кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтетін педагогтердің тізімін нақтыланды
"Балақайлар мектебі”
29
тамыз
2025
"Балақайлар мектебі”
"Балақайлар мектебі” Мектебімізде 18 тамыздан 28-ші тамыз аралығында  балаларды мектепке дайындау мақсатында "Балақайлар мектебі" ұйымдастырылды. "Балақайлар мектебінде" 1-сынып бүлдіршіндеріне арналған дайындық сабақтары өтілді. Дайындық сабақтарының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
“Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел
02
мамыр
2025
“Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің 10 “А” сынып оқушыларымен “Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Б. Момышұлының тұлғалық, танымдық, тарихи тұрғыдан өнеге алатын жағынан бейнефильм арқылы көрсете отырып, ол кісінің жазған кітаптары мен замандастарының естеліктері көрсетіледі. Кітапхана қорынан көшпелі көрме ұйымдастырылды. Іс шараны тарих пәні мұғалімдері Ерхат Тұрысбеков пен Тұрар Мақсат өткізді.
4 сынып оқушыларына "Бәрімізде мақсат бір" тақырыбында психологиялық тренинг
09
сәуір
2025
4 сынып оқушыларына "Бәрімізде мақсат бір" тақырыбында психологиялық
Мектеп психологтары Ж.С. Кошенова, Д.Д. Дүйсембекова ББЖМ ға байланысты 4 сынып оқушыларына "Бәрімізде мақсат бір" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді Мақсаты: -оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану,қорқыныш сезімдерін жою; -өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыру; -жағымды көңіл-күй қалыптастыру.  
Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген “Ұлттық өнер - тәрбие негізі” атты тәрбие сағаты
26
наурыз
2025
Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген “Ұлттық өнер - тәрбие негізі” атты
🌷Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген “Ұлттық өнер - тәрбие негізі” атты тәрбие сағаты.5 “Г” сыныбы Сынып жетекшісі:Тыржанова Әлия Бағдатқызы
"Бастауыш сыныпта  құндылыққа бағытталған  білім" тақырыбында қалалық-семинар практикум
15
наурыз
2025
"Бастауыш сыныпта құндылыққа бағытталған білім" тақырыбында
14 наурыз күні мектебімізде  "Бастауыш сыныпта  құндылыққа бағытталған  білім" тақырыбында қалалық-семинар практикум