Қазақ тілі – жүректен шыққан үн, ұлттың рухы, бабадан қалған мұра.
Қазақ тілі – жүректен шыққан үн, ұлттың рухы, бабадан қалған мұра. Сөзбен сезініп, оймен түйсініп, әрекетпен дәлелдейтін асыл қазына. Мектебімізде 20 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Сөзді сезін, ойды түсін, әрекет ет» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Іс-шара барысында түрлі ойындар ойнатылып, ана тілімізге байланысты тағылымды сұрақтар қойылды. Оқушылар, мұғалімдер белсенділік танытып, рухани әсерге толы сәттерге куә болды. 🇰🇿✨