05
қыркүйек
2025
“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының ашылу салтанаты
2025 жылдың 5 қыркүйегі күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай мектебімізде “Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында үш тілдің маңызы мен құндылығы насихатталып, оқушылар мемлекеттік тілде, орыс тілінде және ағылшын тілінде өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерін көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты тілдерді құрметтеуге, оларды меңгеруге және көптілді тұлға ретінде қалыптасуға баулу. Ашылу салтанаты әсерлі өтіп, оқушыларға тілдің қоғамдағы орны мен маңыздылығын тағы бір мәрте ұғындырды.


