05
қыркүйек
2023
Бүгін 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Бүгін 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.Диктант жазудың мақсаты: Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Жалпықазақстандық диктантқа мектебіміздің 9 - 10 сынып оқушылары белсенді қатысты.


