Ата-аналарға арналған жадынама «Қалай балаға зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»
Ата-аналарға арналған жадынама
«Қалай балаға зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»
vБалаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз.
vЕгер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)», деп қатты айқайлауды үйретіңіз. Бұл жан-жағыңыздағылардың көңілін аударып, қылмыскерді қорқытады.
vБаланы қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын, егер жоспары ауысса қоңырау шалу керектігін үйретіңіз.
vБаланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алып кетуге тырысыңыз.
Егер басқа біреу алып кететін болса ертерек ескертіңіз.
vБалаға құпия сөз ойластырыңыз. Егер бөтен адам құпия сөзді білмесе ол адаммен кетпеуі және бөтен көлікке отырмауы керек екенін айтыңыз.
vБалаңызға жалғыз емес достарымен бірге қыдыру керек екендігін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің көңілін өзіне аударады.
vБаланы жылына бір рет суретке түсіріңіз. Келеңсіз жағдайларда сізде жаңа суреті болады.
vБалаларды әлеуметтік желіде «еркін жүзгізбеңіз». Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
vБалаға әлеуметтік желідегі қауіптілік жайлы ақпарат беріңіз. Егер бала басқа әлеуметтік желідегі қолданушыдан теріс қылыққа немесе зорлық-зомбылыққа тап болса, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керек екендігін түсіндіріңіз.
vБала барлық жағдайды айтып беретін ата-ана болыңыз.
Бала әрқашан оны жақсы көретініне сенімді болуы керек және егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеуді тоқтатпайтыныңызды айтыңыз.


