Балаларға арналған жадынама «Қалай зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады» » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
» » Балаларға арналған жадынама «Қалай зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»
01
шілде
2023

Балаларға арналған жадынама «Қалай зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»

Балаларға арналған жадынама

«Қалай зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»

Ол үшін бес ережені біржола игеру  керек:

  • Бейтаныс  адамдармен сөйлеспе және оларды  үйге  кіргізбе.
  • Олармен лифтке  және кіреберіске  кірме.
  • Бейтаныс  адамның  көлігіне  отырма.
  • Мектептен кейін көшеде кешігіп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
  • Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер таныс емес адам саған балағат сөздермен хабарлама  жазса  дереу  ата-анаңа  айт.

Әрқашан «ЖОҚ»деп  жауап  бер:

  • Егер саған қонаққа кіруге немесе үйге жеткізу ұсынылса, тіпті көршілер болса да.
  • Егер бейтаныс адам бір нәрсе берсе немесе бір жаққа шақырса, өте қатты қызықтырып жатсада. Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айт.
  • Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін  түсіндір.
  • Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей кейіп таныт, туысыңды терезеден  көріп  тұрғандай қолыңды бұлғап  шақыр.
  • Егер істей алсаң, шабуылшыны біраз уақытқа шатастырып, көңілін аудару үшін бетіне бір нәрсе лақтыр, (мысалы, портфель, аяқ киім сөмкесі немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек), адам көп жерге қарай  қаш.
  • Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аудару үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты  айқайла.
  • Қауіпсіз жерде болғанда, дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, анық мекен-жайды, сондай-ақ белгілерін және шабуылшының кеткен бағытын айт.