Ашылу салтанаты » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
01
қыркүйек
2022

Ашылу салтанаты



    Жыл сайын елімізде білім алуға қадам басқан бүлдіршіндеріміздің саны артқандықтан 1 қыркүйекте  Семей қаласының Шығыс кентінде " №45 ЖОББМ " КММ мектеп мекемесінің ашылу салтанаты өтті. «№45 жалпы орта білім беретін орта мектебі» КММ –де жалпы 1545 бала білім алуда. Оның ішінде: даярлық тобында – 172 тәрбиеленуші, 1-9-сыныптарда – 1373 оқушы бар. Оқу барысы 2 ауысымды қамтиды.  Мектепте  116 мұғалім жұмыс істейді. Жоғары біліктілік санаты бар мұғалімдер саны – 41. Жас мамандар саны -14. Барлық жас мамандарға жоғары санатты білікті ұстаздардан тәлімгерлер бекітіліп, жұмыс жоспарына сай іс-шаралар атқарылуда. Кіші қамту қызметкерлерінің саны – 53.  Спорт зал, жаттығу залы, 396 орындық асхана, 460 орындық акт залы оқушылар мен ұстаздарға қызмет атқаруда. Мектептегі жылу қазандығының жұмысы қалыпты.  10 мультимедиялық, 4 лингофонды және жабдықталған физика, биология, химия кабинеттері жұмыс істеп тұр.  Балаларға арналған спорттық секциялардың ішінде:  баскетбол, волейбол,  футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қазақша күрес, қол күресі, ұлттық ойындар бар. «Тарих өнерпаздары» дебат клубы, «Домбыра», «Ән», «Өнер» үйірмелерінің жұыстары тиімді  ұйымдастырылған.