
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "45 ЖОББМ"КММ кітапханасында 4 сынып оқушылары арасында "Абай оқулары" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығын арттырады.