16
наурыз
2023
«Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты

Наурыз айының 16 жұлдызында «№45 ЖОББМ» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйытқы болуымен «Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға білім бөлімінің басшысы Б.З.Булабаев, білім бөлімінің әдіскері Н.С. Байсарина және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми қызметкері Қиықбай Қуат қатысты. Абайтану кабинетінің ашылуында оқушылар Абай өлеңдерін үш тілде оқыды.
Абай Құнанбайұлының әлемдік санадан өз орнын алуы әдебиетпен шектелмейді. Абай – күллі дүниелік болмысқа, адами, ұлттық, тарихи болмыстарға бойлайтын кәусар дария. Абай әлемі жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Ендеше Абай өнегесін ұрпаққа үйретуде Абайтану курсын беру, Абайтану кабинетін ашу – мектеп оқушылары үшін үлкен тағылым, білімнің нәтижелі болуына оң қадам. Олай болса, ісіміз оң болғай!


