03
наурыз
2023
Мектепалды даярлық бірлесігінің "Болашақ бізден басталады" атты апталығы

Мектепалды даярлық бірлесігінің "Болашақ бізден басталады" атты апталық қорытындысы. Апталық 27.02-03.03 арлығында өткізілді.
27 ақпан күні апталығымыздың ашылуы лездеме түрінде мектебіміздің директоры Нуралдинов А.Т қатысуымен өтті. Екінші күнінде ата аналармен байланыс ретінде ашық есік күні болды. Мұнда ата аналар мектебіміздің, әр сыныптың бір күндік жұмысымен танысты, тренингтар мен экскурсияларға қатысты. Алғыс айту мерекесіне орай безендіру жұмысттары жасалып, ата аналарға кішігірім кеш қойылды. Кеш соңында ата аналар сөз сөйлеп мектепке деген гүлдерін тарту етті. Апталығымыздың төрттінші күні "Көшбасшы 45" атты әр бірлестіктер арасында интеллектуалды сайыс өткізіліп, жеңімпаз бірлестік кубокпен марапатталды.
Апталықтың соңғы күні мектепалды даярлық тәрбиешілері жасаған балаларға арналған "Жолда жүру ережесі" кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Апталық күткендегідей өте жоғары деңгейде өтті, әр тәрбиеші өзіне тапсырылған жұмысына жауапкершілікпен қарады.


