28
қаңтар
2023
Мектепшілік ата—аналар жиналысы

«№45 ЖОББ» КММ—де жалпы мектепшілік ата—аналар жиналысы өтті. Жиналыстың ашылуы музыка мұғалімдері дайындаған шағын концерттік бағдарлама мен мектеп психологтарының тренингімен басталды.
Жиналыста ұсынылған күн тәртібі:
1.Мектеп директоры А.Т. Нуралдиновтың есебі.
2.Білім сапасы 2— тоқсан қорытындысы бойынша ДОІЖО Ш. М. Бакиеваның есебі.
3.Тәрбие жұмысы бойынша (тәрбиелік шаралар,үйірме,секциялардың жұмысы) 2—тоқсан қорытындысы ДТІЖО Н. А. Адилмуратованың есебі.
4.Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы. Балалар қауіпсіздігі туралы мектеп инспектор полициясы Д. Е. Искакова ата—аналарға заң бұзушылықтың алдын алу туралы түсініктеме жұмысын жүргізді.
5.Тамақтану сапасы бойынша мектеп комиссиясының жұмысы туралы әлуметтік педагог А. А. Алкебаева өз есебін берді.
6.Әр түрлі мәселелер айтылды.


