“Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты
2025 жылдың 8 қыркүйек күні “Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сапасы” атты тілдер айлығының аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Үш тіл – бір ойын» атты танымдық шара ұйымдастырылды. 📚 Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, білімдерін шыңдап қана қоймай, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара оқушылардың үш тілде еркін ойлауына, тілге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.