5-сынып оқушыларының бейімделу нәтижесін талқылау жиналысы

5-сынып оқушыларының бейімделу нәтижесін талқылау жиналысы өтті
30 қазанда мектебімізде 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделу барысын талқылауға арналған педагогикалық жиналыс өтті.
Жиынның мақсаты – оқушылардың жаңа ортадағы жағдайын, үлгерімін, тәртібі мен психологиялық ахуалын талдап, пән мұғалімдерімен ақпарат алмасу және қажетті шараларды айқындау болды.
Күн тәртібі бойынша:
▪️ Сынып жетекшілері бейімделу кезеңіндегі бақылау нәтижелерін баяндады;
▪️ Мектеп психологы оқушылардың эмоционалдық ахуалы мен сыныпішілік қарым-қатынасын талдады;
▪️ Пән мұғалімдері оқу үлгерімі мен пәндік қиындықтар туралы ақпарат ұсынды.
Нәтижесінде оқушылардың көпшілігі жаңа ортаға сәтті бейімделіп келе жатқаны атап өтілді.
Мамандар тарапынан оқушылармен жеке қолдау жұмыстары жалғастырылатыны айтылды.
Бірлескен жұмыс – табысты бейімделудің кепілі!


