Оқушылар жетістіктері » Страница 8 » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
Республикалық "Бояулар құпиясы"   атты бейнелеу өнері байқауы
17
қазан
2025
Республикалық "Бояулар құпиясы" атты бейнелеу өнері байқауы
Республикалық "Бояулар құпиясы"   атты бейнелеу өнері байқауда өзінің  дарындылығы мен қиялға бай ой-өрісін эстетикалық талғамы мен өнерге деген ерекше қызығушылығын көрсете отырып, Маулет Амина  -  II дәрежелі орын иленгені үшін марапатталды.  Жетекшісі:  Әбіш Лаура Ақылтайқызы
Жалпы орта білім беретін мектептердің  5-11 сынып оқушыларының  арасында  республикалық   «Әлем таныған Әуезов » байқауының қалалық  кезеңі
26
қыркүйек
2025
Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушыларының
Жалпы орта білім беретін мектептердің  5-11 сынып оқушыларының  арасында  республикалық   «Әлем таныған Әуезов » байқауының қалалық  кезеңіне мектеп оқушылары қатысып: 1) «Заңғар жазушы ізімен» номинациясы бойынша (эссе жазу) 11 «А» сынып оқушысы Омарова Балжан 1 – орын. Жетекшісі: Ш.Е.Тоимбаева 2) «Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациясы (жас ақындар) бойынша 6 «Ә» сынып оқушысы Нұролла Айзере Нұрланқызы 3 – орын Жетекшісі Ж.М.Сексенова. Құттықтаймыз!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Абай әлеміне саяхат” атты республикалық байқау
19
қыркүйек
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Абай
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Абай әлеміне саяхат” атты республикалық байқауға қатысып III - дәрежелі дипломмен 6 “Е” сынып оқушысы Бейбітқызы Каусар марапатталады.  Жетекшісі: Алибекова Лейла Мұратқызы. Құттықтаймыз!!!
Т.Ы. Аманов атындағы қалалық математика пәнінен олимпиада
18
қыркүйек
2025
Т.Ы. Аманов атындағы қалалық математика пәнінен олимпиада
ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымыдарының докторы, профессор Т.Ы. Аманов атындағы математика пәнінен мектеп оқушыларына арналған қалалық кезеніне мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Тоқтарова Нұрайым жүлделі  🥉3-орын иеленді. Пән мұғалімі: Бәдиева Айгүл Жеңісқалиқызы.   Құттықтаймыз!!!
"Аманов" атындағы  олимпиада
17
мамыр
2025
"Аманов" атындағы олимпиада
16-мамыр күні Шәкәрім университетінін №3 оку ғимаратында Аманов атындағы  олимпиада өтті. Олимпиадаға 125 оқушы қатысты. Біздің мектептен 10 А сыныбынан 2 оқушы,  11 А сыныбынан 1 оқушы қатысып,  10 А сынып оқушысы Демежанов Нұрбақыт жүлделі -🥈 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!  Жетекшісі Дәуітбек А.С
1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар..." атты мәнерлеп оқу байқауы
28
сәуір
2025
1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер
25.04.2025ж. 1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар..." атты мәнерлеп оқу байқауында  қалалық кезеңінен жүлделі орындар алды.  2 "Ә" сыныбы Еркінқызы Каусар 3 орын.  Жетекшісі: Жакупова Н.К.; 5 Д сыныбы Айдын Айзере 2 орын.  Жетекшісі: Сыдыкова К.К; Болатқызы Әйкерім  7 "Б"сыныбы.  Жетекшісі: Сексенова Ж.М. 8 "А" сыныбы Нурахунова Аяжан 2 орын.  Жетекшісі: Енсеханова С.Б.
Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауы
27
сәуір
2025
Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауы
Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауына қатысып, шығармашылық ізденісін және бейнелеу өнеріне деген қызығыушылғын жоғары деңгейде көрсете білгені үшін 6 "Б" сынып оқушылары Тілеубек Аяла, Қайратова Ақжан және 7 "Б" сынып оқушысы Берікболова Жанель марапатталды. Жетекшісі: Әбіш Лаура Ақылтайқызы.
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы Жеңістің  80жылдығына арналған  облыстық мәнерлеп оқу  байқауы
27
сәуір
2025
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы Жеңістің  80 жылдығына арналған  облыстық мәнерлеп оқу  байқауының қалалық кезенінде(8-11жас) аралығында:  2 орын Айдын Айзере 5 "Д" сыныбы Жетекшісі:Сыдыкова Кундыз Курманжановна  Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 3 орын 2"Ә" сыныбы Еркінқызы Каусар  Жетекшісі: Жакупова Нуржанат Ксатаевна
Аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...”
24
сәуір
2025
Аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...”
Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...” білім сайысында І орынды иеленген 7 “Б” сынып оқушысы Серикказина Қарақатты құттықтаймыз! Жетекшісі: Қадырова Еңлік Қанатбекқызы 
Шәкәрім атындағы университеттің "Бизнес жоғары мектебі" орта мектеп оқушылары арасында қалалық қаржылық сауаттылық олимпиадасы
10
сәуір
2025
Шәкәрім атындағы университеттің "Бизнес жоғары мектебі" орта мектеп
Шәкәрім атындағы университеттің Бизнес жоғары мектебі 2025 жылдың 9 сәуірінде орта мектеп оқушылары арасында қалалық қаржылық сауаттылық олимпиадасына  45 мектептің 10 "А" сыныбының "Зейінді төрттік" командасы қатысып 18 команданың ішінен жүлделі 1🥇орын иеленіп қайтты. Команда жетекшісі:Дәуітбек Айым Серікқызы.