«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері
Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде 5- күні «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» тақырыбында сайыс өтті. Мақсаты: • Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету;• Тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру. «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» номинациясымен «Күншуақ» тобы, ал жас ерекшеліктеріне сай "Жалын" тобы «Кішкентай лагерь ханзадасы мен ханшайымы» номинациясымен марапатталды. Қалған топтар «Өнерлі», «Үздік», «Алғыр», «Тапқыр» номинацияларымен марапатталды.