Әліппе, саған мың алғыс!
27 желтоқсанда 1 сынып оқушыларына арналған "Әліппе, саған мың алғыс!" атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мерекеде оқушылар ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілік барысында оқушылар өздерінің алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасып, Ана тілі оқулығымен танысты. Ата-аналар балаларының өнерін тамашалап, жақсы пікірлерімен бөлісті