Біз туралы » Страница 26 » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
"Аманов" атындағы  олимпиада
17
мамыр
2025
"Аманов" атындағы олимпиада
16-мамыр күні Шәкәрім университетінін №3 оку ғимаратында Аманов атындағы  олимпиада өтті. Олимпиадаға 125 оқушы қатысты. Біздің мектептен 10 А сыныбынан 2 оқушы,  11 А сыныбынан 1 оқушы қатысып,  10 А сынып оқушысы Демежанов Нұрбақыт жүлделі -🥈 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!  Жетекшісі Дәуітбек А.С
Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қара!
16
мамыр
2025
Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қара!
15.05.2025 ж. 7-11-сынып қыздарымен "Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қара!" тақырыбында  жиналыс ұйымдастырылды. Жиынға &10 қалалық поликлинканың  гинеколог дәрігері - Ямушев Алексей Сергеевич, мектеп медбикелері, педагог- психологтар, сынып жетекшілер қатысты. Оқушыларға жасөспірімдердің физиологиялық дамуы, жеке гигиена т.б. тақырыптарында видеороликтер, слайд материалдары ұсынылып, дәрігерлік кеңестер берілді.
Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!
16
мамыр
2025
Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!
15.05.2025 ж. "11 мамыр - Аналар күні"және  "15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне"  орай 2-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!" атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға: "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері шақырылды.  Іс-шарада мектеп  оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілімен кездесу
10
мамыр
2025
Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел
08.05.2025 ж. 9-11-сынып оқушыларымен Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Серикболсынов Равиль Дастанұлының қатысуымен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы есірткіге қарсы күресті күшейту мақсатында лекция өтті. Іс-шара барысында есірткінің адам денсаулығына зияндылығы, жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысы және оның алдын алу туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
“Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел
02
мамыр
2025
“Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің 10 “А” сынып оқушыларымен “Бауыржан Момышұлы аңыз адам , көшбасшы” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Б. Момышұлының тұлғалық, танымдық, тарихи тұрғыдан өнеге алатын жағынан бейнефильм арқылы көрсете отырып, ол кісінің жазған кітаптары мен замандастарының естеліктері көрсетіледі. Кітапхана қорынан көшпелі көрме ұйымдастырылды. Іс шараны тарих пәні мұғалімдері Ерхат Тұрысбеков пен Тұрар Мақсат өткізді.
1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар..." атты мәнерлеп оқу байқауы
28
сәуір
2025
1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер
25.04.2025ж. 1-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар..." атты мәнерлеп оқу байқауында  қалалық кезеңінен жүлделі орындар алды.  2 "Ә" сыныбы Еркінқызы Каусар 3 орын.  Жетекшісі: Жакупова Н.К.; 5 Д сыныбы Айдын Айзере 2 орын.  Жетекшісі: Сыдыкова К.К; Болатқызы Әйкерім  7 "Б"сыныбы.  Жетекшісі: Сексенова Ж.М. 8 "А" сыныбы Нурахунова Аяжан 2 орын.  Жетекшісі: Енсеханова С.Б.
Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауы
27
сәуір
2025
Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауы
Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Астана қаласында өткен "ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауына қатысып, шығармашылық ізденісін және бейнелеу өнеріне деген қызығыушылғын жоғары деңгейде көрсете білгені үшін 6 "Б" сынып оқушылары Тілеубек Аяла, Қайратова Ақжан және 7 "Б" сынып оқушысы Берікболова Жанель марапатталды. Жетекшісі: Әбіш Лаура Ақылтайқызы.
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы Жеңістің  80жылдығына арналған  облыстық мәнерлеп оқу  байқауы
27
сәуір
2025
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы
"Сіздер біздің жадымыздасыздар...." атты Ұлы отан соғысындағы Жеңістің  80 жылдығына арналған  облыстық мәнерлеп оқу  байқауының қалалық кезенінде(8-11жас) аралығында:  2 орын Айдын Айзере 5 "Д" сыныбы Жетекшісі:Сыдыкова Кундыз Курманжановна  Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 3 орын 2"Ә" сыныбы Еркінқызы Каусар  Жетекшісі: Жакупова Нуржанат Ксатаевна
Аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...”
24
сәуір
2025
Аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...”
Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық XV “Абайды оқы, таңырқа...” білім сайысында І орынды иеленген 7 “Б” сынып оқушысы Серикказина Қарақатты құттықтаймыз! Жетекшісі: Қадырова Еңлік Қанатбекқызы 
«Кітап.Тарих. Шежіре.»
19
сәуір
2025
«Кітап.Тарих. Шежіре.»
«Кітап.Тарих. Шежіре.» Оқырманға жаңа кітаптар мен авторларды насихаттау мақсатында Мұрат Әуездің «Қазақ рухы» кітабы 11 сынып оқушыларына таныстырылды. Ұлт жазушысы, әлем әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың және анасы Фатима жайлы жазылған естеліктермен тарих пәні мұғалімі Е. Тұрысбеков таныстырды. Оқушылар кітап мазмұнымен таныса отырып, өз пікірлерін ортаға салды.