22
қараша
2022
"Жас мамандар" бірлестігі
"Жас мамандар" бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Болатханов, "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" атты жас мамандарға арнап танысу коучингін өткізді. Коучинг мақсаты жас мамандарға педагогикалық жаңашылдықтың баспалдағын,тәлімгерлердің әдістемелік көмектері арқылы кәсіби құзыреттіліктерінің дамытатындылығы түсіндірілді. Педагогикалық жаңашылдық негізінде сабақтың басында ұйымдастырылатын педагогикалық ахуал қалыптастырудың,топқа бөлудің бірнеше әдіс-тәсілдерін жас маман жетекшісі қызықты ұйымдастыра білді. Коучинг барысында жас мамандардың дарындылығы мен талантын анықтау мақсатында "Арт терапиясы" әдіс-тәсілі өте тиімді болды.Жас мамандардың жан-жақты,позитивті ойлаулары,шығармашылықтары көрінді. Коучинг соңында,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Мухатовна, жас мамандарға өз қызметтерін атқаруда тәлімгерден тағылымды дәріс алып,бірлесе жұмыс атқарып,ұстаздық ұлы жолда үнемі ізденіспен,шығармашылықпен,жаңашылдықпен,оқушы үнін ести отырып,әр сабақты мақсатына жеткізуде әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланып,шеберліктерін шыңдауда сәттілік тіледі.

