18-28.09 аралығында " Тілім менің - тірлігімнің айғағы" атты қазақ
18-28.09 аралығында " Тілім менің - тірлігімнің айғағы" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өткізілді. Онкүндікте жоспарланған шаралар, пән бірлестігі мұғалімдерінің өз тәжірибелерімен бөлісуі болды. Оқушылар арасында интеллектуалды, Quizizz, монополия үстел ойыны, кино тайм сияқты қызықты ойындар өткізілді. Жабылу салтанатын әдеби сазды кеш ретінде жүргізіп, мектебіміздің дарынды ақын оқушыларының өлеңдерінен "ЖЫР ЖАУҚАЗЫН" атты шағын жинақты тұсаукесері жасалды.