22
сәуір
2025
«Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар...»
2025 жылдың 21 сәуір күні Жеңістің 80 жылдығына арналған «Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар...» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке, патриотизмге, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.📌 Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, грамотамен марапаттады. 1 орынға ие болған жеңімпаздар қалалық кезеңге қатысуға жіберілді.


