15
наурыз
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ...
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»📚📚 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуын, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіру мақсатында 15 наурыз күні «№45 ЖОББМ»КММ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» бойынша 6 сынып білім алушылары «Жусан иісі» атты шығармасына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туынды, қазақ көркем әдебиетіндегі қашан да қайталанып оқыла беретін - «Жусан иісі» шығармасы бойынша білім алушылар соғыс кезіндегі қиындықтарды бейнелеп, сол кездегі балалардың Отанға деген махаббатын жеткізе білді.


