09
тамыз
2023
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің "№ 45 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталғандығын хабарлайды.
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің "№ 45 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталғандығын хабарлайды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осыған орай балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетін жандарды, қаламыздың кәсіпкерлері мен демеушілерді бірлесе отырып, "Мектепке жол" акциясын ұйымдастыруға шақырамыз.


