БӘЙШЕШЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ... ЛЕКЦИЯ О ПОДСНЕЖНИКАХ ... » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
» » БӘЙШЕШЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ... ЛЕКЦИЯ О ПОДСНЕЖНИКАХ ...
19
сәуір
2023

БӘЙШЕШЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС ... ЛЕКЦИЯ О ПОДСНЕЖНИКАХ ...

БӘЙШЕШЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС
Әлемнің көптеген елдері 19 сәуірде Бәйшешек күнін атап өтеді. Бүгін «Семей орманы» резерватының туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімінің қызметкерлері Айнұр Баймадиева мен Толғанай Нұрланова "Парктер шеруі-2023" табиғат қорғау акциясы аясында Семей қаласындағы №45 орта мектептің 5 "В" сынып оқушыларына халықаралық Бәйшешек күніне арналған интерактивті дәріс өткізді.
Іс-шара мақсаты: балаларға көктемгі табиғаттың әсемдігін ұғындыру, өсімдік атаулының ішінде бірінші болып гүл ататын осы бір нәзік гүл туралы танымдарын кеңейту, табиғатты сүюге, қорғауға баулу.
Үш кезеңді қамтыған экодәріс кезінде балалар алдымен бәйшешек гүлі туралы жұмбақ, ребустар шешіп, гүлдің өзге елдердегі атауымен және «Семей орманы» резерватының аумағында өсетін түрлерімен танысты. Бәйшешек гүлі жайындағы аңызды беріле тыңдаған олар ұйымдастырушыларға өз сауалдарын қойып, білуге деген құштарлықтарын танытты. «Шеберлік сабағы» кезеңінде оқушылар қазір қолөнер саласында жиі қолданылатын фоамиран материалынан бәйшешек гүлін жасады.
Сонымен қатар, бүгін «Семей орманы» МОТР» РММ мен №45 ЖОББМ ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.
ИНТЕРАКТИВ КО ДНЮ ПОДСНЕЖНИКА
Многие страны мира 19 апреля традиционно отмечают День подснежника. Так, сотрудники отдела туризма, экологического просвещения и науки лесного резервата «Семей орманы» Айнур Баймадиева и Толғанай Нурланова в рамках природоохранной акции «Марш парков-2023 "провели интерактивную лекцию для учащихся 5 "В" класса средней школы №45 г. Семей.
Цель данного мероприятия: познакомить детей с красотой весенней природы, расширить знания об этом нежном цветке, о первоцветах в нашем регионе, приобщить учащихся к любви и бережному отношению к окружающей среде.
В программе эколекции было разгадывание загадок, ребусов о подснежниках, знакомство с видами первоцветов в других странах и видами, произрастающими на территории ГЛПР «Семей орманы».
Прослушав теоретический материал, ученики с интересом задавали вопросы. Также, в рамках практического мастер-класса учащиеся своими руками изготовили цветы прострелов из фоамирана.
Кроме того, сегодня РГУ «ГЛПР «Семей орманы» и СОШ №45 подписали меморандум о сотрудничестве для дальнейшей работы по экологическому просвещению.
Отдел туризма, экопросвещения и науки
ГЛПР «Семей орманы»

Похожие публикации: