«Тілдер шеруі» айлығы аясында » «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-36-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
No45 жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз! Добро пожаловать на официальный сайт средней общеобразовательной школы No45!
» » «Тілдер шеруі» айлығы аясында
15
қыркүйек
2026

«Тілдер шеруі» айлығы аясында


«Тілдер шеруі» айлығы аясында, 11 қыркүйек күні Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақындар Мерей Қарт және Бауыржан Игілікпен тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге мектебіміздің 9-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Рухани жүздесу барысында ақындар шығармашылық жолы, сөз өнерінің құдіреті, ана тілінің қадір-қасиеті мен әдебиеттің адам өміріндегі орны туралы ой бөлісті. Оқушылар ақындардың шығармашылық әлемімен жақынырақ танысып, көкейіндегі сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.

Тағылымды кездесу жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ана тілін құрметтеуге, көркем сөзді бағалауға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған әсерлі шара болды.

Кездесуді Абай кітапханасы және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сулейменова Р. Ш., Қадырова Е. Қ., Чакибаева Г. Е., Сыдыкова К. К. ұйымдастырды.

✨ Жырдан – әсер, кездесуден – естелік…