06
қаңтар
2026
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің I жарты жылдық бойынша отырысы
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің I жарты жылдық бойынша отырысы өтті
Мектебімізде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің I жарты жылдық бойынша отырысы ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау, оқушылардың даму ерекшеліктері, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналармен бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері әр оқушының оқыту бағдарламасы бойынша ұсыныстарын берді. Педагог- дефектолог, педагог- логопед, педагог-психолог, педагог-ассистент тұжырымдама берді. Отырыс барысында алдағы кезеңге арналған нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.


