30
қазан
2025
5–11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада

2025 жылдың 29 қазан күні «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 5–11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың басты мақсаты — оқушылардың білім деңгейін анықтау, олардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география, тарих және құқық пәндері бойынша ұйымдастырылды. Олимпиада барысында оқушылар өз пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, білім мен біліктіліктерін көрсетті. Бақылау және бағалау жұмыстарын әділқазылар алқасы жүргізді.
Бұл дода — дарынды оқушыларды анықтап, олардың болашақта ғылым мен білім саласында жетістікке жетуіне жол ашатын маңызды қадам болды.


